Неміс ғалымдары: Күн сайын 20 минут серуендеу адам өмірін 7 жылға ұзартады
- author «Ақ жол»
- 3 қыркүйек, 2015
- 324
Неміс ғалымдары жүрек пен қан тамырларының саулығын сақтауға және өмірді 3-7 жылға ұзартуға күн сайын тұрақты түрде 20 минуттан серуендеу септігін тигізетінін анықтады.
Саарбрюкен Саарландск университетінің (Германия) зерттеушілері алты ай ішінде бұрын спортпен айналыспаған, темекі шекпеген 30-60 жас аралығындағы 69 адамнан құрылған топты бақылады.
Эксперимент кезінде сынақтан өтушілер тұрақты түрде түрлі жаттығулар орындап, қан талдауын тапсырды деп хабарлады “Вокруг света”.
Алынған нәтижелерге сәйкес, жаттығулар зерттеу қатысушыларының қартаю үрдісін бәсеңдеткен.
«Жаттығу көмегімен өз жасынан біршама жас көріну мүмкіндігі артып, денсаулық жақсарады, әрі 3-7 жылға дейін өмір ұзарады», – деп атап өтті лондондық Киелі Георг университетінің кордиология профессоры Санжай Шарма. Дәрігердің айтуынша, спорт тіпті кәріліктегі ақыл кемдіктің дамуының алдын алады.
Жаттығу жасауға дағдылану еш уақытта кеш емес. 50-60 жаста қалыпты жүктемемен жүрек талмасынан өлім-жітім қаупін 50 пайызға төмендетуге болады.
Тіпті 70 жаста жаттығу жасасаңыз, жүрек ауруының дамуы 10 пайызға төмендейтін болады деген сенімде ғалымдар.
Сарапшылар жүрек пен қан тамырларын сау ұстау үшін күніне 20 минут жаяу жүруге немесе жүгіруге кеңес береді. Сонымен қатар темекіден бас тарту қажет.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді