Қазақстанның аялдамалары канадалық фотографтың жинағына енді
- author «Ақ жол»
- 2 қыркүйек, 2015
- 633
Қазақстанның аялдамалары канадалық суретшінің фотожинағына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресейдің басылымы Lenta.ru канадалық фотограф Кристофер Хервиг туралы материал жариялады, ол кеңес кезіндегі аялдамалардың суреттерінен тұратын жинақты шығарғалы жатыр.
Жинақта 159 сурет бар, оларды Хервиг 30 мың шақырым жол жүріп, 14 елде болып түсірген, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Түркменстан, Украина, Армения, Грузия, Беларусь, Литва, Латвия және Эстония елдері бар.
"Бұл тастанды аялдамалар кеңес дәуіріндегі жалпы өнердің түрлілігін көрсетеді және сол уақыттардағы шығармашылық идеялар жайында түсінік қалыптастырады. Бұл ең толық әрі алуан-түрлі жинақ", - делінген кітаптың алғысөзінде. Айта кетейік, кітап ағылшын тілінде осы жылдың қыркүйегінде шығарылады.
"Әр аялдаманың өзіндік мінезі бардай көрінді. Солар арқылы мен Кеңес Одағы туралы стереотиптерімнен бас тарттым, темір шымылдықтың арғы жағында миллиондаған адамның өмір сүретінін, өнердің шекарасын кеңейтіп жатқанын түсіндім", - деп келтіреді Lenta.ru басылымы канадалық фотографтың сөзін.

Кристофер Хервиг қазіргі уақытта Нью-Йоркте тұрады. Ол фотографиямен 15 жылдан бері айналысып келеді. Әр жылдары ол Лондон, Стокгольм, Ванкувер және Нью-Йорктің газеттерімен, журналдарымен және ақпарат агенттіктерімен қызметтес болған. Олардың ішінде Reuters, Washington Post, National Geographic және BBC Online ақпарат құралдары бар.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




