Назарбаев Қытай коммунистерінің алдында мақалдатып сөз сөйледі
- author «Ақ жол»
- 2 қыркүйек, 2015
- 921
Мыңдаған жылдар бойы Қытайдың бейбітшілік пен тату көршілік саясаты Азия мен бүкіл әлемдегі үйлесімділік кепілі болды.
Бұл туралы ҚКП ОК жанындағы Партиялық мектептің тыңдаушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы алдында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Мыңдаған жылдар бойы Қытайдың бейбітшілік пен тату көршілік саясаты Азия мен жалпы бүкіл әлемдегі үйлесім кепілі болды. Сондықтан да 20-шы ғасырдағы ерекше құбылыс – Қытайдың көтерілуін біз алдымен аймағымыздың дамуы үшін мүмкіндік ретінде қарастырамыз», – деп атап өтті мемлекет басшысы.
Назарбаев қазақтың мақалын еске салды.
«Ер туады ел үшін» дейді қазақ даналығы. Сондықтан сөз сөйлеу үшін осы сіздердің мектептеріңізді таңдадым. Бұл мектептің бүгінгі тыңдаушылары – алдағы уақытта Қытай Коммунистік партиясына бағыт беретіндер. Сіздер – қытайлық арман – ұлттың жаңғыруын жүзеге асырушысыздар», – деп атап өтті елбасы.
«Қазіргі әлем – бұл кең өзара қатынас әлемі». Қытай Халық Республикасының реформалар мен ашықтық саясаты Дон Сяопиннің осы сөздерінен басталды. 30 жылда Қытай экономикасы 90 есеге өсті. Әлемде мұндай жетістікке ешбір ел қол жеткізген жоқ. Өсім қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштерден 2-3 есе артық. Саясаттағы, экономика мен өзге де салалардағы теңдессіз жетістіктер сіздердің елдеріңізді жаһандық үрдістерге әсер ететін қарқынды дамып келе жатқан орталықтардың бірінің деңгейіне көтерді», – деді президент.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




