Тараз. Zhambylnews - Жалпақтөбе ауылының тұрғындары тағы бір қуанышқа кенелді. Мұнда күніне 100 адам қабылдай алатын жаңа алғашқы санитарлық-медициналық көмек көрсететін орталық пайдалануға берілді. Екі қабаттан тұратын ғимарат 1348,33 шаршы метр жерді алып жатыр. Емхана толықтай заманауи құралдармен жабдықталған. Құрылыс республикалық бюджет қаржысы есебінен жүргізіліп, жалпы сметалық құны –250068 мың теңге теңгені құрады. Бас мердігері – «ШАРХ» ЖШС.
Ел Конституциясының 20 жылдығы қарсаңында беріліп отырған емхананың ашылу рәсімінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысып, ауыл тұрғындарын қос қуанышпен құттықтап, жаңа нысанның халық игілігіне айналуына тілестестік білдірді.
Салтанатты жиында Полатқосшы ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абдулхалил Маюфи сөз алып, облыс, аудан басшыларына сәулетті ғимаратты сыйға тартқандары үшін ауыл тұрғындары атынан алғысын жеткізді.
Жаңа емхана ғимаратында медициналық қызметкерлерге де, ем алушыларға да барлық жағдай жасалған. Егу, алдын ала егу, терапевт, педиатр, акушер, зертхана т.б. кабинеттері мен күндізгі стационар да бар. Жалпы, Жалпақтөбе ауылында 9850 тұрғын бар. Аталмыш медициналық мекемеде 7 дәрігер, 30 орта буынды қызметкер қызмет көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




