Қытайлықтардан жемқорлықпен күресуді, еңбексүйгіштік пен тәртіпті үйрену керек - Н.Назарбаев
- author «Ақ жол»
- 1 қыркүйек, 2015
- 290
Қазақстан Қытайдан жемқорлыққа қарсы қалай күресу керектігін, ал қазақстандықтар қытай халқынан еңбексүйгіштік пен тәртіпті үйренгені дұрыс. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Дяоюйтай» Қытай мемлекеттік резиденциясындағы баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«Олар мықты реформаларды: «Қытай арманы» және «Қытайда жасалған» (Made in China) бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр. Бұл қытайлық экономиканың жаңа технологияларға, жаңа өндіріс пен жаңғыртуға бет бұруы. Бұл бізді қызықтырады (...) Олар жемқорлықпен қалай күресетінін байқап, солардан үйрену керек. Олар шенеуніктер үшін мемлекеттік қызметкер этикасының 8 пунктін ойлап тапты», - деді Мемлекет басшысы қазақстандық журналистердің сауалына жауап беру кезінде.
Н.Назарбаев қазақстандық реформалардың бірінші пункті де мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталғанын еске салды. «Еңбексүйгіштік пен тәртіпті қытайлықтардан үйрену керек. Бір жарым миллиардқа жуық адам осындай аумақта тұрып, бірлескен қоғам сияқты өз болашағы үшін тынымсыз еңбек етіп жатыр», - деп атап өтті Президент.
Еске сала кетейік, кеше Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньмен, үш қытайлық корпорацияның (CNPC, CITIC Group, Qinghua) басшыларымен кездесулері өтіп, 12 екіжақты құжатқа қол қойылған болатын.
Сапар 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бүгін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өтеді. Бейсенбі күні ҚР Президенті қытай халқының жапондық басқыншыларға қарсы күресі соғысындағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді