Қазақтан шыққан әлем чемпионы өзбектің жас спортшысынан ұтылып қалды
- author «Ақ жол»
- 1 қыркүйек, 2015
- 291
Бұл күндері Бангкокта бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ. Құрлықтық сайысқа негізгі құраммен аттанған бокстан Қазақстан құрамасының басты үміттерінің бірі Жәнібек Әлімханұлы жарысты жүлдесіз аяқтады.
2013 жылы 20 жасында әлем чемпионы атанып, 2014 жылғы жазғы Азия ойындарында, Аммандағы Азия чемпионатында Қазақстанға алтын сыйлаған Жәнібек Әлімханұлы Бангкокта өзбек боксшысынан ұтылып қалды.
Бір қызығы, атақ-абыройы мол әрі тәжірибелі Жәнібекті жолдан тайдырған өзбекстандық боксшы Бектемір Меликузиев жақында ғана жасөспірімдер құрамасына ересектер қатарына өткен.
Жәнібектің жас әрі тәжірибесіз өзбек боксшысынан жеңілуі жанкүйерлердің таңданысын туғызып отыр. Тіпті, өзбекстандық боксшы бойының аласалығына қарамай, Жәнібек Әлімханұлын 2:1 есебімен ұтып кетті.
Қазан айында Дохада өтетін әлем чемпионаты алдында Жәнібектің бұл жеңілісі үлкен рөл ойнайтыны белгілі.
Бұдан бөлек, 49 келідегі Теміртас Жүсіпов Өзбекстан құрамасының үздіктерінің бірі Хасанбай Досматовтан ұтылды. 60 келідегі Самат Бәшенов өзбекстандық қарсыласы Фазлиддин Гаибназаровқа есе жіберді.
Жалпы, Азия құрлығында Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары бір-біріне азулы қарсылас саналады. Сол себепті, екі ел боксшыларының жекпе-жегі жанкүйер назарынан тыс қалған емес.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді