Ұлттық экономика министрлігінің шешімімен Құрылысшылар күні – кәсіптік мерекесіне ведомстволық наградалармен облыста құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы көпжылдық еңбегі үшін және Конституцияның 20 жылдығына орай бірқатар білікті басшылар мен мамандар «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков төсбелгілерді иелеріне салтанатты жағдайда тапсырды. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – бұл тынымсыз еңбекті қажет ететін сала. Сондықтан сіздер осы төсбелгіге еңбекпен жеткен азаматсыздар. Әрдайым отбасыларыңызға табыс, жұмыстарыңызға береке тілеймін», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков. Еңбектің арқасында есімдері еленіп, мерейлері үстем болғандар – Жамбыл электр жүйелерінің бас директорының өндірістік сұрақтары бойынша орынбасары Досымхан Аралбаев, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттік сатып алу, отын және сумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бейсенбек Жампозов, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның вице-президенті Бақтыбай Қырықбаев және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының өндірістік техникалық бөлімінің басшысы Абыл Юсупов.
Қанат Тілепберген, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді