«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Ата Заңымыз ғұмырлы болсын!

Тәуелсіздігіміз  тұғырлы,  Ата  Заңымыз  ғұмырлы  болсын!
ашық дереккөз
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Ата Заңымыз ғұмырлы болсын!

Облыс әкімі К.Көкірекбаевтың өңір тұрғындарын Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен құттықтауы

Құрметті жамбылдықтар! Қымбатты жерлестер! Сіздерді елдігіміз бен өрлігіміздің мерейлі мерекесі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы – тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекетіміздің тірегі. Ол қоғамдағы демократиялық үрдістер мен ұлттық рухани құндылықтардың нығаюына жол ашып, әр адамның және мемлекет негізі саналатын отбасының әлеуметтік жағдайының жақсаруына негіз қалады. Ата Заңымыздың арқасында мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық бағыты анықталып, Қарулы Күштері мен мемлекеттік құрылымның жаңа сипаттағы қағидалары бекітілді. Экономикалық және әлеуметтік-саяси өмірінің өркендеуінің барлық алғышарттары жасалды. Ең бастысы, негізгі Заң өміршеңдігін көрсетті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының берік қорғалуының кепілі болды. Өйткені, еліміздің Бас құжаты – мемлекетіміздің бүгіні мен жасампаз болашағының айнасы. Биік белестерді бағындырған Отанымыздың осы жылдары қол жеткізген барлық жетістіктері – ел Конституциясының және оның негізінде қабылданған заңнамалардың нақты нәтижесі. Қазақ елінде берік орныққан этносаралық және дінаралық татулық пен бірлік, ынтымақ пен достық – Конституциялық құрылымның айшықты айғағы. Ата Заңымыздың аясында әлем елдерімен сындарлы сыртқы саясатымыз қалыптасты. Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да біздің ортақ парызымыз – негізгі Заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу», деп айрықша атап көрсетті. Қасиетті Жамбыл жұртшылығы да өркениеттiлiк пен гуманистік ұстанымдарды ұстанған елдігіміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары саналатын Ата Заңымыздың болашағына берiк сенiммен қарайды. Қымбатты жамбылдықтар! Барша облыс тұрғындарын Ұлт Конституциясының 20 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңіз сау, өмірлеріңіз бейбіт, ел игілігіне арналған еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспін! Ата Заңымыздың мерейі мәңгі асқақ болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болсын!

Ұқсас жаңалықтар