Шигир пұты әлемдегі ең көне ағаш мүсін болып танылды. Зерттеу көрсеткендей, Ресейдің Орал өңірінде табылған мүсіннің жасы Мысыр пирамидалары және ағылшынның Стоунхенджінен үлкен болып шықты.
Бұл тұжырымдар Ресей және Германия ғалымдарының бірлескен зерттеулерінен кейін жасалған, деп хабарлайды ТАСС.
«Орыс және неміс ғалымдарының бірлескен зерттеулерінің қорытындысы бойынша, Шигир пұтының жасы - 11 мың жыл. Осылайша, оның жасы Мысыр пирамидаларынан шамамен екі есе үлкен болып шықты. Сондай-ақ, ғалымдар пұттың балқарағайдан жасалғанын растады», - деп баяндады Свердловск облыстық өлкетану мұражайының директоры Наталья Ветрова.
Үлкен Шигир пұты 1890 жылы Невьянск қаласының жанындағы Шигир шымтезекті батпағын өңдеу кезінде табылған. Жердің иесі граф А.А. Стенбок-Фермордың әмірімен мүсін Оралдың жаратылыстану әуесқойлары бірлестігі - Свердловск облыстық өлкентану мұражайына сақтауға берілген.
Пұттың биіктігі 5 метрді құрайды. Ол балқарағай діңінен қашалған. Ғалымдардың мәліметтерінше, мүсінге оралдық аңшылар, балықшылар табынған.
«Ол жасы 157 жылдан кем емес балқарағайдың жарылған діңінен тас құралмен қашалған. Сондай-ақ, пұтта ою-өрнек іздері көрініп тұр», - деп хабарлады РҒА Археология институтының жетекші қызметкері Михаил Жилин.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




