Елбасы Қазақ хандығы туралы сериалдың сценарийіне түзетулер енгізді
- author «Ақ жол»
- 1 қыркүйек, 2015
- 704
Қазақ хандығы туралы тарихи сериалдың авторлары сценарийдің жаңа нұсқасын жазды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің ресми сауалына Мәдениет және спорт министрлігінен хабарланды.
«Қазақ Елі» тарихи сериалының түсірілімі жайында айтатын болсақ, қазіргі кезде мемлекет басшысының түзетулерін ескере отырып, фильмнің авторлары сценарийдің жаңа нұсқасын құрды. Жобаның қойылымы қиын және оны жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылатын болады», – делінген министрлік мәліметінде.
Бұл тұрғыда декорациялық, павильондық, интерьерлік және экстерьерлік нысандарды жасау қарастырылған. Оның ішінде Сығанақ, Созақ қамалдарын, Алмалық қаласын, хандардың сарайлары мен өзге де түсірілім нысандарын, киімдерді тігу, қажетті бұйымдар мен ат әбзелдерін даярлау, қару-жарақ, компьютерлік графиканы әзірлеу және басқа да шараларды іске асыру жұмыстары бар.
Бұдан бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақфильм» киностудиясына барып, онда киностудия қызметімен, оның жаңа жобаларымен және киноөндіріс үдерісімен танысты.
Айта кетейік, «Қазақ Елі» туындысының режиссері – Рүстем Әбдiрашев.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




