Қызылордалық студент кілем тазалайтын орталық ашты
Қызылордада 20 жастағы жас кәсіпкер Ғабиден Жақсылық кілемді кәсіби тазалайтын «Ансарлар» орталығын ашып, халыққа қызмет көрсете бастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Кәсіпорынның жас директоры қызылордалықтарға жоғары сапада кілем тазалау қызметін ұсынып отыр. Стартапердің жобасы аясында сатып алынған соңғы үлгідегі технология кілемнің түпкі дақтарын да тазалауға мүмкіндік береді. Ғабиденге кәсіпкер ағасы 3 миллион теңге көмек берген. Алайда, жобаны толық жүзеге асыру үшін бұл қаражат жеткіліксіз болып шықты. Кәсіпкерлер ақылдаса келе банктен несие алуға бекінеді. Осылайша, мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында алған 11,5 миллион теңге несие қаржысын жас кәсіпкер бүгінде толық игеріп отыр. «Даму» қорының қызметкерлерінен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы туралы естіген соң бірден қатысуға бекіндім. Жобамның 30 пайызын жабатын кепілдеме қойып, «Даму» қорының 70 пайыз кепілдендіруі арқасында несие алып бизнес аштым», – дейді жас кәсіпкер. Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/08/27/74339
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




