Ғалымдар бала данышпандардың кейін психологиялық дертке жиі шалдығатынын зерттеді
- author «Ақ жол»
- 27 тамыз, 2015
- 538
Шотландиядағы Глазго Университетінің (1451 жылы ашылған ЖОО) зерттеушілері 2000 адам туралы ақпарат жинақтап, оларды сараптаған. Көп жылдық арнайы зерттеу жұмысына 8 жасында қатыстырылған адамдар кейін 22-23 жасқа келгенде қайта сауалнамадан өткен. Нақты жүйемен жұмыс жасаған ғалымдар өз тұжырымын ұсынды, деп жазды The Daily Mail.
Ғалымдар 8 жастағы жеткіншектердің ақыл деңгейін бағалап, оларда психикалық аурудың белгілерін іздейді.Балалық шағында алғырлығы өте жоғары болған адамдарда психикалық аурудың белгілері замандастарына қарағанда он сатыға жоғары болған.
Лондон Корольдік колледжі мен «deCODE» genetics компаниясының зерттеушілері Исландияның 86 292 тұрғыны туралы да деректер жинап, аталған зерттеудің ғылыми дұрыстығын қуаттады. Ол зерттеуде шизофрения мен биполярлық ауытқушылық шығармашылық тұлғалар арасында көп кездесетінін көрсетті. Балаларды жас кезінде шектен тыс, тым көп ақпараттандыру зиян екенін ғалымдар осылайша дәлелдеп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




