Т. Рысқұлов ауданында 51 ұсақ шаруашылықты ірілендіру жоспарлануда
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2015
- 264
Т. Рысқұлов ауданы экономикасының негізі - ауылшаруашылығы саласында 7 ай ішінде 4 млрд. 656 мың 600 теңгенің жалпы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 106,2 пайызды құрады. Масақты дақылдардың әр гектарынан 14,5 центнер дән бастырылып, 113361 тонна астық жиналды. Барлық егістік жерлердің 99,1 пайызы игерілді. "Луговой жылқы зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдағы жылы 700 гектар егістік алқапты тамшылата суару үшін 27 артезиан құдығын қазып, егіс алқаптарына электр желілері тартылды. Қазіргі таңда бұл серіктестікте 300 гектар алқап жаңбырлата суарылуда. Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Ғылым Академиясының жайылымдарды суландыру жобасы арқылы мал азығын дайындау мақсатында 890 гектар алқапқа жаңбырлатып суару әдісі енгізіледі деп жоспарлануда. "Құдайберген Датқа” шаруа қожалығында 1000 бас қойға арналған 3000 гектар жайылым бар. Қазір бұл жерде 48 дана күн сәулесі батареясы орнатылды. Қожалық 330 бас асыл тұқымды қой сатып алды. Ірілендіру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Биылдың өзінде 51 ұсақ шаруашылықтар іріленеді деп жоспарлануда. Өткен жеті айда 35 шаруа қожалықтары мен үлескерлер 6 шаруа қожалығына қосылып, іріленді. Мал басы көбейе түсті. Мал өнімдері үшін 260,2 млн. теңге субсидиялық төлемдер төленуде. "Батыс Европа – Батыс Қытай” автодәлізі бойында 3 шағын тауарлы-сүт фермасы құрылды. "Сыбаға”, "Алтын асық”, "Құлан” бағдарламалары дәйекті жүзеге асырылуда. Жеті ай ішінде 2 млрд. 165 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 105,4 пайызды құрады. Жыл басынан бері жергілікті бюджетке қаражат түсіру жоспары 107,6 пайызға орындалды. Әлеуметтік төлемақылар уақтылы төленді. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп, Юбилейное ауылынан заманауи жаңа мектеп бой көтерді.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді