Жамбыл өңірі азық-түліктен тарықпайды
Ең бастысы – халықтың қалтасына салмақ түспеуі тиіс. Жамбыл өңіріне жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев жергілікті шенділерге азық-түлік бағасын қадағалап отыруды тапсырды,-деп жазады khabar.kz.
Сапарбаев аймақтағы сауда орындарын аралап, бағаларды көріп шықты. Жалпы, валютамыздың еркін айналымға жіберілуі өңірдегі өнім бағаларына әсер етпепті. Нан бағасы бұрынғыша - 45 теңге, бірінші сұрыпты ұнның келісі 79 теңге, ет 1100 бен 1300 теңге аралығында сатылуда. Жағдайды жіті бақылауда ұстау үшін, штаб құрылып, мобильді топтар жұмыс істеп жатыр. «Халыққа қажетті тауарлардың тапшылығын болдырмау үшін, облыстың тұрақтандыру қорынан қажетті азық-түлік жеткізіліп жатыр», – деп есеп берді жергілікті әкімдік өкілдері. Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары -Президент негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын еш қымбатамауын қатаң тапсырды. Олардың жалпы саны – 33. Өзімізде соның тек екі түрі ғана шығарылмайды. Ол – қант пен шәй. Яғни, біз өз-өзімізді қамтамасыз ете алуымыз қажет. Ал жергілікті жердегі жауапты органдар, басқармалар мен мекемелер күнделікті дүкендерді қарап шығып, бағалардың көтерілмеуіне күш салулары тиіс.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




