Мектептерде тегін ыстық тамақтандырумен 436 000 бала қамтылады
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2015
- 604
Жаңа 2015/2016 жылғы оқу жылында мектептерде тегін ыстық тамақтандырумен 436 000 бала қамтылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.
– Биылғы жылы 1 қыркүйекте 7500 мектепке 2 600 000 бала барады. Оның ішінде 1 сынып оқушыларының саны – 340 000. Жалпы биылғы жылы 157 мектепті іске қосу жоспарланып отыр. Осы қарқынды жалғастыратын болсақ, жыл соңына дейін үш ауысымды мектептердің мәселесін шешіп қаламыз. Жоспар бойынша желтоқсан айында мүш ауысымды мектептерден республика бойынша тек 81-і қалады. 136 апатты жағдайдағы мектептер 66-ға дейін азаяды. Бұл мәселе 2018 жылы толығымен шешіледі. Күрделі жөндеу жұмыстары 250 мектепте жүргізілді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 5000 мектепті қамтыды, – дейді Аслан Сәрінжіпов.
Министрдің айтуынша қазіргі кезде жаңа білім беру стандартына байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.
– Алдағы оқу жылының негізгі мақсаттарының бірі мектеп және мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту. Бұл Тамыз конференциясында талқыланған басты тақырыптың бірі болды. 1 қыркүйекке дейін жаңа білім беру стандартын сынақтан өткізу үшін 30 пилоттық мектеп анықталды. 60 мыңнан астам педагог біліктілік курсынан өтті, – дейді Аслан Бәкенұлы.
Айта кетейік, министр келесі оқу жылында 2 500 000 балаға мектепті ыстық тамақ беруді ұйымдастыру жоспарлануда деді. Ал тегін ыстық тамақтандырумен 436 000 бала қамтылады екен.
Бек Төлеуов.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




