Ашхабадтағы стадионда ел президентін 7 сағат күткен - 3 адам қаза тауып, 50-ден астамы естерінен танды
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2015
- 570
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовты Ашхабадтағы «Копетдаг» стадионының ашылу рәсіміне күтуі кезінде арасында бір бала болған үш адам қаза тапты, деп хабарлайды REGNUM ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған КирТАГ.
«Мемлекет басшысы таяуда жаңғыртылған бұл нысанға сағат 08:00 шамасында келуі тиіс еді, сондықтан адамдарды стадионға сағат 05:00-ге келуге мәжбүрлеген. Бірақ түркімен көшбасшысы салтанатқа тек 11:45-те ғана жетті», - делінген жарияланымда.
Кейіннен Г.Бердімұхамедовтың әуелі басқа нысандарды қарап шығуды шешкені белгілі болған, ал арасында 4-15 жас аралығындағы балалар мен 70 жастағы қарттар болған адамдар оны отырмастан 7 сағатқа жуық уақыт күткен.
«Осы 7 сағаттың ішінде 50-ге жуық адам естерінен танған. Оларға сол жерде көмек көрсетілген. Күндізгі сағат 1-ге дейін 3-4 шақырым радиусындағы барлық көшелер жабылған. Соның арасында медициналық мекемелерге де апаратын жолдар жабық болды. Сондықтан көмекке мұқтаж болған жандар да, медициналық қызметкерлер де оларға жете алмады», - деп жазады ақпараттық агенттік.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




