Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті жанындағы Мэилмен қоғамдық денсаулық мектебінің маманы Сет Принс штаттық кесте бойынша жұмыс күнін толық өткізетін 21 859 адамды арнайы зерттеу жұмысына қатыстырды. Оның зерттеуі бойынша орта шендегі (деңгейдегі) менеджерлердің жүйкесі бәрінен бұрын шаршайтыны анықталды, деп жазды The Times of India.
Оның сараптауында қызметтегі жандар үш топқа жіктелген. Біріншісі, өзінің жеке бизнесі барлар (табысы 70 мың доллардан жоғары), екінші, бөлім менеджерлері мен басшылары (атқарушы, әкімшілік және басқару қызметтеріндегі жандар) және үшінші, қарапайым жұмысшылар (түрлі қызметтер) тобы.
Зерттеу нәтижесінде 3-ші топпен салыстырғанда 2-топтың адамдары жұмысына екі есе көп алаңдайтыны айтылған. Маманның бұл жаңалығы ғалымдарды таңқалдырды. Себебі, бұған дейін төмен жалақы мен әлеуметтік-экономикалық жағынан аз қамтылған орта (3-ші топ) жұмыстан күйзеліске ұшырап, денсаулығына зиян келтіреді деп келген. Ендігі жаңа тұжырым бойынша, «кішігірім» бастықтар жұмыста бәрінен көп зиян шегіп, күзеліске бірінші ұшырайды екен.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




