Қазақстан автобизнес қауымдастығы: Мінілген автокөліктер нарығында баға арзандай түседі
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2015
- 562
Еліміздің халқы жаңа көліктерді алуға қарай көптеп ойысып жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстан автобизнес қауымдастығының төрағасы Андрей Лаврентьев мәлім етті.
«Мінілген автокөліктердің нарығына тоқталатын болсақ, өткен жылы Қазақстанда 680 келісімшарт жасалды. Биыл жаңа емес көліктердің нарығы біршама төмендегені байқалды. Сондықтан да мінілген автомобильдерді қайта рәсімдеу 450 мың деңгейінде болды. Осы орайда жаңа емес көліктердің нарығы өзгеріске ұшырап келеді», - деп тоқталды ол.
Қауымдастық төрағасының айтуынша, еліміздің халқы жаңа көліктерді алуға қарай көптеп ойысып жатыр.
«Жалпы, ескі көліктер жайында айтатын болсам, КО-ның жаңа техникалық регламенті «Еуро-2», «Еуро-3» экологиялық санатты көліктерді Қазақстанға және ЕАЭО-қа кіргізуге шектеу орнатты. Сондықтан бұл тұрғыда мінілген көлік бағасы көтерілмейтінін айта аламын»,- деді А.Лаврентьев.
Оның пайымынша, мінілген көліктер бағасы алдағы уақытта арзандай түсуі мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




