Ресейде сұлулық байқауының жеңімпазы жезөкше болып шықты
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2015
- 244
Бүкілресейлік «Ресейдің ұлттық тәжі» сұлулық конкурсы аяқталған бойда жанжалға ұласып кетті. Бұған финалда жеңіске жеткен Кристина Манькованың жезөкшелікпен айналысатын жеңіл жүрісті бойжеткен екені себеп болған.
Конкурсқа Төменгі Тагилдің атынан қатысқан қыз 2015 жылы осы қаланың бас сұлуы атанып та үлгерген екен. Бірақ осы сайыс үстінде Кристинаның қазір Ресейдің басты курортты қаласы – Сочиде интимдік қызмет көрсетіп жүргені де белгілі болып қалды. Ол осындағы Головинка кентінде Ресей кәсіпкерлерінің біріне қызмет көрсеткен көрінеді.
«Конкурстың ұйымдастыру комитетіне тексерілген мәнбелердің бірінен сайыстың финалисі, «Төменгі Тагил-2015 миссі» атағының иегері Манькова Кристинаның моральға жат өмір салтын жүргізіп, интимдік қызметі үшін ақша алатыны белгілі болды», – делінген конкурс сайтында жарияланған ресми мәлімдемеде.
Осыған байланысты ұйымдастыру комитеті Төменгі Тагилден келген сұлуды Бүкілресейлік сұлулық конкурсы финалына қатысушылар қатарынан шығарып тастауға ұйғарым жасады.
Бұған дейін хабарланғандай, ресейлік рэпер Тиматидің бұрынғы қалыңдығы Алена Шишкова да сұлулық сынында ұятқа қалған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді