Денсаулық
«Қазпошта» Коституцияның 20 жылдығына арналған марка шығарды
- author «Ақ жол»
- 25 тамыз, 2015
- 823
«Қазпошта» Коституцияның 20 жылдығына арналған марка шығарды
«Қазпошта» Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған марканы пошталық айналымға шығарды.
Бүгін Конституциялық кеңестің ғимаратында марканы бастыру салтанаты өтті. Іс-шараға «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мен Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов қатысты.
– Бұл марка «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясында шығарылған. 4 бояулы офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі маркалы парақ. Парақтың өлшемі 130х108 мм. Марканың өшемі 26х36 мм. Парақта 8 марка. Пошталық марканың номиналы – «А» литерасы (112 теңге) – заңды тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасы аумағында жер үсті көлігімен 20 граммға дейін салмақта қарапайым хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді. Тарылымы – 5000 дана. Суретін Қ. Ибрайшин салған. Пошталық марка Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы» республикалық кәсіпорнында басып шығарылды, – дейді Б. Мусин. Бек Төлеуов
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




