«Қазақстан тарихы» мен «География» пәндері бүкіл мектептерде тек қазақ тілінде оқытылатын болады
- author «Ақ жол»
- 25 тамыз, 2015
- 759
Елімізде білім беру мазмұнын жаңарту көзделіп отыр, оған сәйкес «Қазақстан тарихы» мен «География» пәндері бүкіл мектептерде тек қазақ тілінде оқытылатын болады. Бұл туралы бүгін «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсіл - мектеп табысының кілті» білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Үштілділік моделі енгізіледі. Мектептерде жоғары сыныптарда және жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу міндеті қойылып отыр. Бұл ретте мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгеру міндетінің басымдығын ұмытпауымыз қажет. «Қазақ әдебиеті» пәніне қоса, «Қазақстан тарихы», «География» пәндерін бүкіл мектептерде қазақ тілінде оқыту ұсынылып отыр», - деп хабарлады А.Сәрінжіпов. Министр атап өткендей, жоғары сыныптарда оқытуды ағылшын тіліне көшіру бүгінде басталды. 2013 жылдан бастап ағылшын тілі бірінші сыныптың бағдарламасына енгізілген еді. «Осы жұмыстың аясында сыныптан тыс шаралар мен ағылшын тілінде бірқатар курстар өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, жазғы тіл тоқсанын ұйымдастыру көзделген, бұған педагогикалық жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері тартылады. Сөйтіп, жоғары сыныптарда информатика, физика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылатын болады», - деді министр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




