Қарағанды облысында жасөспірім қос ғашық өздеріне қол салды
- author «Ақ жол»
- 24 тамыз, 2015
- 328
Қарағанды облысының Қаражал қаласында тоғызыншы сыныптағы қыз бен колледж студенті, ер бала өз өзіне қол салған. Оқиға 24 шілдеде болғанымен бұл туралы тек қазір белгілі болды, деп жазады kriminalka.kz.
Кәмелет жасына жетпеген екеуі бір ағашқа асылған күйінде табылды. Бір-бірінің қолынан қатты ұстап алған.
Аталған іс бойынша мағлұмат өте аз. Жергілікті мұғалімдер де, облыстық полиция да қандай да бір түсінік беруден бас тартып отыр.
«Бұл фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлімімен («Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу») қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Кудеяров.
Қаражал тұрғындары қайтыс болған қыз бала туралы тек жақсы пікірде. Ол сабағын үздік оқып, мектеп мақтанышы болған. Қыз бала ата-ананың аялы алақанына бөленіп молшылықта өскен, құрбы-құрдастары оны қарапайым, тыныш, мейірімді, тұйықтау деп еске алады. Оны ешқандай діни ағындар қызықтырмаған да екен.
«Эмо» және «готтар» тәрізді жастар субмәдениетінің қолдаушысы болған да емес. Басылымның атап өтуінше, оқушы қыз біраз уақыт өзінен екі жас үлкен, колледжде оқитын, өзі сияқты кәмелет жасқа жетпеген бозбаламен «жүрген».
Олардың жасында білім алу керек деп түсіндірген ата-аналары екеуінің достығына қарсы болған болуы мүмкін. Осы жағдай олардың үлкен қателік жасауына әкелген болар. Бұл әзірге болжам.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді