Бағаларды бақылауда ұстап тұру өңірлік тұрақтандыру қоры арқылы іске асуда - Жамбыл облысы
- author «Ақ жол»
- 24 тамыз, 2015
- 852
АҚШ доллары құнының өсуіне байланысты Жамбыл облысындағы бағаларды бақылауда ұстап тұру өңірлік тұрақтандыру қоры арқылы іске асуда.
Өйткені бағаны бақылауда ұстау - басты талап, дейді Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова «Егемен Қазақстан» газетінде білдірген пікірінде.
«Қазіргі таңда онда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қоры жеткілікті. Аймақтағы сауда нүктелеріндегі жағдай тұрақты. Әрине, валюта бағамының өзгеруі кейбір салаларға өз әсерін тигізбей қоймады. Мәселен, Тараздағы электроника мен тұрмыстық техника сататын дүкендер кейбір тауар түрлерін сатуды уақытша тоқтатып қойған. Алайда, акция жарияланған өнімдер бұрынғы бағамен сатылуда. Күнделікті халық тұтынатын тауарлардың бағасы да сол қалпы тұр. Тұтынушылардың қалаған тауарын сатып алуларына ешқандай кедергі жоқ. Дегенмен, енді аймақтың тұрақтандыру қоры тауар жетіспеушілігі мен баға көтерілуін болдырмауға күш жұмсау қажет. Тұрақтандыру қорында дәл қазір 33 түрлі тауар бар екен. Ұн, қант, жарма, жұмыртқа және тағы басқалар. Міне, осылардағы баға бақылауда ұсталуы қажет".
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




