Бағамның ауытқуынан пайда табамын деп айырбас пункттеріне жүгіру бекершілік - Келімбетов
- author «Ақ жол»
- 24 тамыз, 2015
- 501
ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов қазақстандықтарға бағамның ауытқуынан пайда табамын деп айырбас пункттеріне жүгірмеуге кеңес берді.
Бұл туралы Ұлттық банк басшысы КТК телеарнасындағы «Слуги народа» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
«Бағамның осындай ауытқуларын әлі де байқаймыз деп ойлаймын. Сондықтан, айырбас пункттеріне жүгіріп пайда табамын деу бекершілік. Біз валютаның күн сайын, сағат сайын көтеріліп-түсуі бойынша Шығыс Еуропа елдерінің, соның ішінде Ресейдің тәжірибесін зерттедік. Жинақтарды өз шығындарымен тепе-тең ұстаған жөн», - деп кеңес берді Ұлттық банк басшысы.
Ол, «егер мұнай қымбаттаса, теңге өсетінін, арзандаса теңге де түсетінін, мұның қандай жылдамдықпен жүретінін нарық анықтайтынын» жеткізді.
«Әзірге пайыздық мөлшерлеме бұрынғыдай теңге салымдары үшін - 10%, өзге валюта үшін - 3%. Сонымен қатар салымдар бойынша шетел валютасында 5 миллионға дейін, ал теңгеде жинақтасаңыз, 10 миллион сомаға дейін кепілдік бар. Әр тұтынушы өзі шешім қабылдайды. Орташа мерзімді перспективада долларсыздандыру үдерісі басталады деп санаймыз», - деді Ұлттық банк басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




