«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ұлытауда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Бұланты шайқасы» монументі ашылды

Ұлытауда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Бұланты шайқасы» монументі ашылды
ашық дереккөз
Ұлытауда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Бұланты шайқасы» монументі ашылды

20150821181017 20150821181021Қарағанды облысы Ұлытау ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Өңір басшысы Н.Әбдібеков монументтің ашылу рәсімінде болды.

«Монумент қазақ әскерлері жоңғарларды талқандаған Бұланты өзенінің жанындағы Үйтас шатқалына орнатылды. Бұл жеңіс басқыншыларды қазақ жерінен қууға мүмкіндік берді. Ұрпақтар елін қорғаған батырларды мәңгі жадында сақтайтын болады. Шайқасты Қанжығалы қарт Бөгенбай басқарған. Онда ерлікпен Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Ханкелдіұлы Райымбек және т.б. көзге түскендер», - делінген хабарламада. Жеті метрлік тас жез бен мәрмәрдан жасалған. Төменгі жағында төрт жағынан дөңгелек қалқандар орнатылған. Жоғарғы бөлігінде найза. Ескерткіште отыз шақты батырлардың есімі қашалып жазылған. Ескерткіш авторы - жезқазғандық Шахибабен Сейткенов. Монумент құрылысына «Қазақмыс» 7 млн теңге бөліп, демеушілік жасаған. Шара барысында Кетбұқа би ескерткіші орнатылатын жерге тас қойылды. Облыс әкімі, басқа да қонақтар Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайына барып, «Қазақ хандығы» экспозициясымен танысты. Еске салсақ, Ұлытау етегінде «Хабар» агенттігіне берген сұхбатында ел Президенті Н.Назарбаев: «Өз тарихымызды тереңінен білу үшін көп жұмыс жасаймыз. Өткен тарих куәлерінің бірі - Ұлытау. Бұл жерді барлығы білуі тиіс».

Ұлытаудан шыққан атақты адамдар да аз емес, оның ішінде академиктер Өмірхан Байқоңыров, Мұхамеджан Қаратаев, Төрегелді Шарманов, Айтмұхамбет Абдуллин және армия генералы, «Халық Қаһарманы» Мұхтар Алтынбаев, жазушы-публицистер Баубек Бұлқышев, Мұқан Иманжанов, Камал Смайылов және т.б. бар.

Ұқсас жаңалықтар