Сарапшы: Теңгенің икемді бағамы экономиканың тұрақтылығын арттырады
- author «Ақ жол»
- 21 тамыз, 2015
- 880
Теңге бағамы бүгін сәл көтерілді. Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Асқар Елемесов ҚазАқпаратқа теңгенің долларға шаққандағы құнының сәл артуына байланысты өз пікірін білдірді.
«Валюталық биржадағы сатылым төмен. Ешкім ешнәрсе сатып алмауда, ешкім сатпауда. Бәрі де әліптің артын бағуда. Бірінші күнгі деңгей - доллардың 250 теңгеге дейін жетуі тым артық көрсеткіш деп ойлаймын. Сарапшылардың көпшілігі бір доллар 230 теңге көлемінде болады деп есептеген. Қазір болып жатқан құбылыс, теңгенің долларға қарағанда аздап нығаюы, бағамның кейін қарай жылжуы - бұл қалыпты жағдай», - деді сарапшы.
А.Елемесов сыртқы нарықтағы жағдай теңге бағамына әсер ететінін айтты. «Бағамды икемді қылуы экономика тұрақтылығын арттырады деп ойлаймын», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




