Денсаулық
Ақтөбеде есірткі саудалаған оқушы қыз бала полицейлердің жағасын ұстатты
- author «Ақ жол»
- 21 тамыз, 2015
- 837
Ақтөбеде есірткі саудалаған оқушы қыз бала полицейлердің жағасын ұстатты
Ақтөбеде бір қап есірткіні қолға түсірген полицейлердің өзі аң-таң болды. Өйткені, есірткіні саудалаған мектепте оқитын қыз бала болып шықты деп хабарлайды 31 арна.
Енді оқушы он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір жеткіншектің ісі Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралып жатыр.
Бойжеткен өткен жылдың қазан айында үйінің жанындағы гараждардың қасынан ішінде шөп салынған дорбаны тауып алады. Ізінше тапқан заты туралы достарына айтады. Кейін оған бір адам хабарласып тауып алған дорбаны сатуын сұрайды.
Сегіз мың теңгеге келісіп, бейтаныс адамға сатады. Оқушы қыз дорбада марихуана болғанын полицейлер жауап алғанда ғана білген. Қазір іске қатысты сот жалғасып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




