Шетелдік азамат қазақ полицейлеріне 40 минут көлігін ашпай, шай ішіп отырып алды
- author «Ақ жол»
- 21 тамыз, 2015
- 976
Украинадан ауыр жүк көлігін тізгіндей келген Иван Еременконы қостанайлық тәртіп сақшылары жылдамдықты асырғаны үшін жолда тоқтатқан екен. Бірақ ол 40 минут көлігін ашпай, кабинада шай ішіп отырып алған деп хабарлайды КТК арнасы.
Сақшылардың ашуын туғызған бұл ғана емес. Бастапқыда оған жылдамдықты асырғаны үшін жолда тоқтауға нұсқаулық берілген екен. Бірақ азамат Ероменко газды үдетіп қаша жөнелген. Полицияның оны қуумен 15 минутты кеткен.
Әйтеуір тоқтатқанымен, ол есігін ашпай тағы әуреге салыпты. Шай ішіп отырып алғаны өз алды, 102 қызметіне қоңырау шалып, сақшылардан қысым көріп жатқанын хабарлаған.
Дегенмен, бұл оқиға шетелдік жігіт үшін сәтсіз аяқталды. Оған жылдамдықты асырғаны үшін 20 мың теңге көлемінде айыппұл салынса, полицейлерді мазақ еткені үшін ұзақ мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылмақ.
“Көліктен шықпау себебім инспектор дөрекілік танытты. Сол үшін ашпадым. Мәдениет жоқ сақшыларда”, – дейді жүк көлігінің жүргізушісі Иван Еременко.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




