Қазақстандықтар тауарды доллармен бағалаудан тыйылуы, яғни менталитеттерін өзгертуі қажет. Бұл пікірді 20 тамызда елордадағы өз резиденциясында журналистермен сұхбаттасқан АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Крол білдірді.
«Қазір теңгенің айырбасы бағамы еркіндікке жіберілді және белгілі бір болжамсыз кезең туындайды. Дегенмен ахуалдың тұрақтанатындығына сенімдімін. Мен премьер-министрдің мәлімдемесін оқыдым және бұл өте дұрыс. Әрине, бұл адамдарға ықпал етеді, бұл белгілі бір алаңдаушылық туындатады», – деді елші.
Сонымен қатар Джордж Крол Қазақстан мұндай жағдайды 90-шы жылдарда бастан кешіргенін, ал қазір құрылымдық реформаларды жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Сондықтан да қазақстандықтар осы өтпелі кезеңді еңсеру үшін сабырлылық, түсіністік танытулары қажет», – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар АҚШ елшісі журналистердің Қазақстан экономикасын долларсыздандыру мәселесіне қатысты да сауалына жауап берді.
«Ең алдымен қазақстандықтар өздерінің менталитеттерін өзгертуі тиіс. Мәселен, мен дүкенге барып 240 теңге тұратын сүтті долларға шағып есептемеймін. Яғни, қазақстандықтар тауарды доллармен бағалаудан тыйылуы қажет», – деді Крол.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




