Облыс әкімі Қырғыз Республикасының 2 облысының губернаторларымен кездесті
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2015
- 504
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Қырғыз Республикасы Шу, Талас облыстарының губернаторларымен кездесті. Қос тараптың өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың талаптары, тауар айналымы, жүк тасымалы, көші-қон мәселелерін талқылады. Сонымен қатар туристер мен кәсіпкерлерге өз тиімділігін көрсететін кедендік кедергінің жойылуына қатысты шекарада орын алған өзгерістер де назардан тыс қалған жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың 12 тамызы күні Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың бесінші мүшесі ретінде қабылданып, қос мемлекеттің Президенттері сегіз бірдей кеден бекетін ресми түрде алып тастаған болатын. Қазір Одаққа мүше мемлекеттердің арасын тек шекарашылар ғана күзетуде.
Айта кету керек, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекарасының негізгі бөлігі Жамбыл облысының аумағынан өтеді. Жалпы ұзындығы-716 шақырым. Екі ел арасындағы мемлекеттік, экономикалық және әлеуметтік қатынастар облыс аумағындағы 7 бақылап өткізу пункті арқылы атқарылады. Олар Қордай, Жамбыл, Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандарында орналасқан. Сондай-ақ, 6 аудан-Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т. Рысқұлов, Шу және Қордай шекаралас аумақтар болып саналады.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




