Жамбылдық тауар өндірушілер Астана қаласында жәрмеңке өткізеді
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2015
- 938
Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай Жамбыл облысы әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасы және «Тараз» ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен 2015 жылғы тамыз айының 22-сі мен қыркүйек айының 22-сі аралығында Астана қаласында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Осы аптада Жамбыл облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне құны 24,5 млн. теңгені құрайтын 115 тонна ауыл шаруашылық тауарлары ұсынылады. Атап айтқанда, 10 тонна ет өнімдері (жылқы, қой), 2 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұжық өнімдері (әр түрлі), 57 тоннадан астам көкөніс-бақша өнімдері (картоп, пияз, қияр, қызанақ, қарбыз, баклажан, т.с.с.) бар.
Сонымен қатар, облыста өндірілетін басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкеге жеткізіледі (ара балы, қымыз, макарон өнімдері, өсімдік майы, т.б.).
Жәрмеңеге тауар тиелген 6 рефрижератор автокөлігі және 30 сатушы азаматтар аттанады. Олар екі күн бойы Астана қаласының тұрғындарына өз тауарларын 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынатын болады.
Шығарып салу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары А.Нұралиев сөз алып, «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай ұйымдастырылып отырған жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сәттілік тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




