Денсаулық
Мәсімов: Алдағы 5-6 жылда біз мүлдем өзге жағдайда өмір сүретін боламыз
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2015
- 246
Мәсімов: Алдағы 5-6 жылда біз мүлдем өзге жағдайда өмір сүретін боламыз
Таяу 5-7 жылда мүлдем өзге экономикалық жағдайда өмір сүретін боламыз.
Бұл туралы президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті. «Біз мұнай, металл бағасының тұрақты өсіміне үйреніп алдық. Өкінішке орай, бұл кезең аяқталды. Біз кемінде таяу 5-7 жыл, мүмкін мұнан да ұзақ мерзімде өзге экономикалық жағдайда өмір сүретін боламыз», – деді ол. Мәсімовтың атап өтуінше, қазақстандықтар мұнайдың бағасы барреліне 30-40-50 доллар болған жағдайдағы өзге экономикалық ахуалда өмір сүруге үйренуі тиіс. «Қазақстанда бар металл және басқа да шикізаттың бағалары барынша төмен деңгейде болады. Сондықтан, бұл жағдайларда мемлекет пен үкімет сәйкесінше үлгіде әрекет етіп, өзінің экономикалық саясатын қабылдауы тиіс», – деді үкімет басшысы. Осы ретте премьер-министр еліміз алдағы экономикалық дамуы жолында Австралия мен Канада үлгісін ұстану керектігін атап өтті.Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді