Қазақстанның ақша айырбастау нүктелеріндегі жағдай күрделеніп жатыр. РБК банкте ақша айырбас нүктесінде 1 доллар үшін 212 теңге сұралса, сатып алу құны 210 теңгеге жетті.
Kurs.kz сайтының деректері бойынша Алматының барлық дерлік ақша айырбастау нүктелерінде долларды сатып алу құны ғана көрсетілген, долларды сату бағасы белгісіз.
Сәрсенбі күні, 19 тамызда, теңгенің долларға деген бағамы 188,38 теңгені құраса, сессия аяқталғанша 195 теңгеге жеткен.
Ал бейсенбіде қазақстандық валюта биржасында (KASE) таңертеңгі негізгі сауда сессиясында теңгенің орташа бағамы сәрсенбідегі 188,38 теңгеден 1 долларға 255,26 теңгеге дейін жетті.
Қазақстанда валюта дәлізін алып тастады Мәсімов теңге бағамының еркіндікке жіберілуіне орай бағаны негізсіз көтермеуді тапсырды Назарбаев Ұлттық банкке валюталық саясат шараларын шұғыл пысықтауды тапсырды
Казкоммерцбанк сайты осы таңда ашылмай тұр. NUR.KZ интернет-порталының оқырманы жіберген скриншотқа сүйенсек, банкте 1 доллар 257 теңгеге сатылып жатыр.
Ақсай қаласының тұрғындары ақша айырбастау пункттерінде доллардың 258 теңгеге сатылып жатқанын суретке түсірген деп жазады «Уральская неделя».
Ұқсас жаңалықтар
Эндометриозды емдеудің жолы қандай?
- 22 шілде, 2025
Ауруды асқындырмай, алдын алған маңызды
- 22 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді