«BOOM-BOOM – 2015» заманауи би және «Stand up Comedy Battle» деп аталатын жарыс Б.Момышұлы атындағы саябақта серуендеп жүрген жастарды елең еткізбей қоймады. Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған фестивальдің ерекшелігі – жастардың қазіргі заманғы «Брейк», «Хип-Хоп», «Хаус», «Локинг», «Попинг» би түрлері бойынша және жайдарманшылардың сынға түсуінде. Би және әзілкештер байқауына Тараз қаласы мен бірқатар аудандардан келген командалар қатысып, бақ сынады. Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Ділмұрат Хамракулов фестивальдің осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отырғанын айтты. Мақсат – жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал ету. Сонымен екі кезеңнен тұрған «BOOM-BOOM –2015» заманауи би түрі бойынша төрт команда іріктеліп шығып, финалда «Danke battle» аясында өз мүмкіндіктерін паш етті. «Stand up Comedy Battle» көңілді тапқырлар байқауында да екі кезең бойынша әзілкештер өмірдегі, саясаттағы, қоғамдағы құбылыстарды қуақы әзіл, шымшыма сатира арқылы жеткізіп, көпті күлкіге қарық қылды. Мұнда да ерекше көзге түскен төрт команда финалда кездесіп, команданың басты әзілкештері бір-бірімен сөз таластырып, ой жарыстырды. Жарыс нәтижесі бойынша «BOOM-BOOM – 2015» заманауи би түрінен бірінші орынды тараздық «Динамика Crw» командасы жеңіп алса, екінші орынды «Stand up» командасы еншіледі. Үздіктер қатарындаТалас ауданынан келген «Ринго» командасы да бар. «Stand up Comedy Battle» көңілді тапқырлар байқауында бірінші орынды «Қыздар дуэті», екінші орынды «Бишілер», үшінші орынды «ЭКСПО» атты үш бірдей тараздық команда иеленді.
Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді