«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мамандар бұл жолғы дағдарыстың ұзаққа созылатынын айтып, дабыл қағуда

Мамандар бұл жолғы дағдарыстың ұзаққа созылатынын айтып, дабыл қағуда
ашық дереккөз
Мамандар бұл жолғы дағдарыстың ұзаққа созылатынын айтып, дабыл қағуда

pogudx3bfsqs5798kg.7171fe34Шұғыл жиын өткізген президент  қай министрдің қалай жұмыс  істейтіні осы сын сағатта тексеріледі деді. Республикадағы экономикалық жағдайды  талқылаған Нұрсұлтан Назарбаев  бюджеттің ахуалы мәз емес екендігін кеше ғана айтқан болатын.

Тіпті, президент “біздің елде мұндай жағдай болмаған” деп мәлімдеді. Және ұзақ мерзімге созылады деген қаржылық қиындықтан шығу жолдарын қолға алуды тапсырды.

Күні кеше ғана 188 теңгеге бағаланған 1 доллар бір күнде 10 теңгеге қымбаттап шыға келді. Мамандар, экономикалық тұрғыдан алғанда бұл бағам ертерек бекітілуі керек еді деп отыр. Тек, үкімет белгісіз себептермен уақытында қолға алмады дейді.

“Мысалы мемлекет: “Біз қазір девальвация жасайтын болса, әлеуметтік мәселелер туындауы мүмкін. Саяси тұрақсыздық туындауы мүмкін. Экономикалық қиыншылықтар алып келуі мүмкін”, – дейді. Оған халық дайын ба, дайын емес пе? Менің ойымша қазіргі таңда теңгенің құны асыра бағаланған”, – дейді экономист Асхат Наметша.

Осы тақырып бойынша оқыңыздар: Назарбаев: Ел экономикасына үлкен қауіп төніп тұр

Экономистің айтуынша, қазіргі мұнай бағасының арзандауы, Қытай валютасының 2 пайызға құнсыздануы, Ресей рублінің құлдырауы, тағы сол сияқты бірнеше факторды ескере келе 1 долларға шаққандағы теңге құны 220-230 болуы керек екен.

Үкімет бүгінге дейін осы арадағы айырманы сатып алу арқылы қазіргі бағамды сақтап келді деп отыр. Яғни, осылайша ұлттық қор едәуір шығынға батқан.

“Ұлттық қорда ақша бар шығар. Бірақ ол ақшаны басқа жерге жұмсайын деген түрі бар. Басқа дегенім не – ол сайлау. Біздің билікке сайлау арқылы өз билік мерзімін ұзарту маңызды болып жатыр халықтың жағдайынан”, – дейді саясаттанушы Зәуреш Батталова.

Қалай десек те бұл жағдайда халықтың көгере қоюы екіталай. Өйткені, құнсызданудың артынан тауарлардың қымбаттауы келетіні анық. Оның үстіне, бұл жолғы дағдарыс ұзақ мерзімге созылуы мүмкін. Ақордада экономикалық саясатқа арналған жиын өткізген президент осылай деді.

Назарбаев Қазақстанның негізгі экспорттайтын мұнай және металлургия өнімдерінің бағасы алдағы 5 жылда әлі де арзандауы ықтимал екендігін ескертіп, министрлердің шындап сыналатын кезі келгенін айтты.

Бұған дейін болмаған дағдарыстан шығу жолдарын министрлер кабинеті бүгін талқылайтын болады. Кәрім Мәсімов бастаған үкімет алдымен үлкен жиын өткізбек. Содан кейін, премьер-министр мен ұлттық банк төрағасы арнайы брифинг өткізеді деп жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар