12 жастағы үндістандық баланың жүрегі 10 жасар қазақ қызының кеудесінде соғатын болды
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2015
- 260
Жол апатында қаза болған баланың жүрегі Ченнаи ауруханасында төрт айдан бері донор күтіп жатқан Дильназ Исанға трансплантацияланды. Бұл туралы «Тhe times of India» сайты Ченнаи қаласынан хабарлаған.
«10 жасар қазақстандық қызға Кералада қаза тапқан баланың жүрегі салынды» деген тақырыптағы ақпарат бере отырып, агенттік баланың жол апатында көз жұмғанын хабарлаған.
«Төрт айдан бері Үндістанда донор күтіп, өмірден күдерін үзбеген 10 жасар қазақстандық қызға сейсенбі күні сау жүрек табылды. Оған Керала штатындағы баланың жүрегі трансплантацияланды. Дәрігерлер 10 жасар қазақ қызына үлкен кардиомиопатия диагнозын қойған. Яғни, жүрек өте әлсіз және қан айналымын көтере алмай кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін еді. Ал, бұл сәтте «Фортик» ауруханасының дәрігерлері әкесімен бірге жол апатына түсіп, ауыр жарақаттанған 12 жастағы Адиз Полсонның өмірі үшін күрескен еді. Бірақ ажалға ара түсе алмады. Адиздің анасы баласының сау органдарын алуға рұқсат берген. Аурухана мамандары бірден Керала штаты мен басқа да штаттардың ауруханаларына органдар туралы хабарлама жібереді. Үндістан бойынша Адиздің жүрегі дәл келетін науқас болмаған соң, органды Қазақстаннан келген қызға беру туралы шешім қабылданды. Фортис ауруханасының дәрігерлері айтқандай, олар әуежайдан түсе сала «жасыл дәліз» арқылы өтіп, Ченнаи ауруханасындағы қызға операция жасай бастаған»,-деп жазады Тhe times of India сайты.
10 жастағы қазақ қызының жағдайын білу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарластық. «Қазір өз қаражаты есебінен шет елдерде, соның ішінде Үндістанда да емделіп жатқан қазақстандықтар көп. Олардың кейбіреуі Елшілікте тіркелмейді де. Сондықтан, осы операция туралы Елшіліктен хабар болса, жариялаймыз»,-деді баспасөз қызметінің өкілі.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді