Алматылық кәсіпкер 4 әйелімен бірге тұру үшін зәулім үй салып жатыр
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2015
- 315
Алматылық 52 жастағы кәсіпкер 4 әйелімен бір шаңырақта тұру үшін зәулім үй соғып жатыр. Мұртаза (аты-жөні өзгертілген – ред.) бұл ісін мақтаныштан емес, 12 баласының жат бауыр болмай бірге өсуі үшін жасап жатқанын айтуда.
Аграрлық кәсіппен айналысатын шаруаның қазір 4 әйелі және олардан туған 5 қызы мен 7 ұлы бар. Бәйбішесінің жасы 46 да болса, кенже тоқалы енді 30-дан асты. Барлық әйелі қазір балаларымен бірге жеке-жеке пәтерде тұрады.
Бір қызығы, олар бірін бәйбіше, бірін тоқал деп бөліп жармай, бір үйдің адамындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Яғни, балалары қалаған үйлеріне барып тұрады. Отағасы болса бар уақытын Қапшағай қаласындағы шаруа қожалығында өткізеді. Тек сенбі, жексенбі күндері балаларының басын қосып, кезекпен әр әйелінің үйінде түнейді екен.
Осыған орай барлық бала-шағасын бір үйге тұрғызу үшін 3 қабатты, 20 бөлмелі зәулім үй салып жатыр. Мұртаза көп жар алу себебін әйелқұмарлықтан емес, балажандылығы мен қазақтың санын көбейту үшін жасаймын дейді. Кенже келіншегімен осыдан 6 жыл бұрын дәмханада танысқан. Қазір 1 ұлдың анасы екіншісіне аяғы ауыр.
Кәсіпкер тек көпбалалы әке ғана емес, нағыз шаруа адамы. 3 қызы мен 2 ұлы мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, барлығы белді оқу орындарында студент. Балажан әке ұрпақтарын көп еркелетпейді. Ал әйелдерін тең ұстайды (барлығы үйде отырып, балаларының тәрбиесімен айналысады). Яғни, киім-кешегі мен әшекейлерін бәріне тең алып береді.
Алматы облысының тумасы туыстардың той-томалағына барлық жарын ертіп апарып, бір дастарханның басына отырғызады екен. Көп әйел алып оны жұрттан жасыратындардың ісін, «Әйелқұмарлық және желөкпе» деп санайтын Мұртаза отбасының берекесі мен тату-тәттілігі ер азаматқа тікелей байланысты екенін айтады.
Ол әр әйелімен некелесер алдында құдай жолымен өзге жарларының рұқсатын алған. Сондай-ақ, бәйбішесімен өзге де тоқалдарына бір-бірімен тату болу керектігін ешқашан ескерткен емеспін дейді. Себебі отағасының мінез-құлқын білетін әйелдері оны ашуландырмауға және ұрыс-керіспен уақытын алмауға тырысады екен.
«Әкем екі әйелден 9 ұрпақ сүйген. Сондықтан да ұлдарыма әлден-ақ жақсы оқып, жағдайларыңды жасап, қос әйелден алып, көп ұрпақ сүй деп кеңес беремін», – дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді