Қазақстандағы ыстық ауа райымен байланыстағы тропосферадағы батыс ағындар солтүстік, солтүстік-батысқа ауысуды бастады.
Солтүстіктегі теңіз аудандарынан келетін салқын және дымқыл ауа Алдыңғы Азиядан келетін ыстық және құрғақ ауаны ауыстырады.
Сондықтан республикамыздың барлық дерлік аумағында жақын арадағы үш тәулікте әр жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, 15-20 м/с күшті ұйытқыма жел және температураның төмендеуі күтілуде.
Егерде өткен 18 тамызда, батыс облыстарды алмағанда, Қазақстандағы температураның ауытқуы нормадан 3-6º жоғары, ал солтүстік облыстарда 7-12º жоғары болса, енді 22 тамызда ол нормадан 3-6º төмен болады.