«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

БҰҰ Қазақстан халқының алдағы жүз жылда 40 пайызға көбейетінін болжады

БҰҰ Қазақстан халқының алдағы жүз жылда 40 пайызға көбейетінін болжады
ашық дереккөз
БҰҰ Қазақстан халқының алдағы жүз жылда 40 пайызға көбейетінін болжады

XXI ғасырдың ортасына қарай Африка мен Азияда туу көрсеткішінің есебінен планетаның халқы тағы 2 млрд адамға артады.

бопе Бұл туралы Regnum хабарлады деп жазады ras.kz.

Агенттік мұны БҰҰ-ның тұрғындар саны бөлімінің директоры Джон Уилмостың БҰҰ радиосына берген сұхбатына сілтеме жасап хабарлайды.

Орта Азия елдеріне келсек, сарапшылар бұл өңірде адам санының күрт өсетінін болжап отыр. Мысалы, 2100 жылға қарай Тәжікстан  халқы 119 пайызға өсіп, 18, 559 млн адамға жетуі тиіс.

Ал Қырғызстанда – 52, Қазақстанда 40 пайыздық өсім болады. Осыған қарамастан, ғасырдың соңында Өзбекстан аймақтағы ең халқы көп ел статусын сақтап қалады. Одан кейінгі орындарды Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркменстан иеленбек.

Халқының саны өсетін мемлекеттер қатарында АҚШ пен Үндістан да бар. БҰҰ-ның болжамы бойынша, Үндістан мен Қытай ғаламшардағы ең халқы тығыз мемлекеттер мәртебесін сақтап қалады. Алайда, 2022 жылдың өзінде-ақ Үндістан Қытайды артқа тастап, адам саны жөнінен әлемде алдыңғы орынға шығады.

Ресей – әлемдегі халық саны көп елдер қатарына енетін жалғыз еуропалық мемлекет.

2050 жылға қарай Молдова мен Украинаның халқы 15 пайызға азаяды. Сарапшылар сондай-ақ 2100 жылға қарай Қытайдың жұрты 27 пайызға кемісе, Үндістанда тұратын тұрғын саны осыған қарама-қарсы мөлшерде артатынын алға тартады.

Ұқсас жаңалықтар