Ғалымдар адамдарды емдеуге қабілетті 5 жануарды атады
Ғалымдар адамдарды емдеулері мүмкін хайуандар тізімін тізіп, «шипагер-жануарлар» бестігін анықтады. Бұл туралы ufatime.ru хабарлады деп жазады ras.kz.
Зерттеушілердің пайымдарына қарағанда, көшті мысық, ит, жылқы, ара мен жыландар бастайды. Зерттеу жұмыстарын жүргізуге әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдердің ғалымдары қатысқан. Олар мысық тектестердің невроз және депрессия сырқаттарын, сондай-ақ ас қорыту жүйелерін емдеуге қабілетті екендеріне көз жеткізген. Тәжірибе жасаушылар осы ретте мысықтың жанында 20 минут жатқан адамның қан қысымы мен жүрек соғысының қалыпқа келетінін дәлелдейтін айғақтар келтіреді. Ал зерттеу авторлары итті «тірі сканер» деп бағалап отыр. Себебі, төбеттер тіпті жаңа басталып келе жақтан қатерлі ісік ауруларының өзін анықтай алады екен. Психикалық ауытқушылықтары бар кісілердің жылқыны көбірек пайдаланғандары абзал. Оның үстіне жалаң мінген жандарға осы біраз шипа көрінеді. Атпен серуендеу аутист-балаларға да пайдалы болып шықты. Жыланның уы мен араның балы медицинада баяғыдан кеңінен қолданылады. Олар көп жағдайда ұмытшақтықпен және невралгиямен ауыратын адамдарға шипа береді. Сол сияқты аяқ-қолдары мен буындары сырқырайтындар, жел-құздары барлар пайдаланады.Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





