АҚШ ғалымдары зертханада адам миын өсіріп шығарды
АҚШ ғалымдары зертханада алғаш рет адам миын өсіріп шығарды, деп жазады Би-Би-Си агенттігі.
Тері жасушасынан өсірілген органоид көлемі жағынан бұршақтан сәл үлкендеу, алайда қызметі мен құрылымы жағынан бес апталық адам ұрығының миынан аса айырмашылығы жоқ. Органоидтан ұрықталған жұлын мен көз бөлінеді.
Ғалымдар түсіндіргендей, прото мидың зердесі жоқ, эксперименттер альцгеймер ауруымен күресуге жаңа тәсілдер өңдеуге жәрдемдеседі деген болжам жасап отыр.
«Адамдарға қайғы, қасірет әкелетін ми ауруына байланысты күрделі мәселелерді шешу үшін көптен бері жұмыс жүргізіп келміз. Бұл үлгінің пайда болуы медицинаға елеулі өзгеріс әкелуі мүмкін», – деді Би-би-сиге берген сұхбатында Огайо университетінен зерттеу тобының басшысы Рене Ананд.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




