Әлемнің 18 елін тегін аралаған жас саяхатшы Қазақстанға оралды
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2015
- 282
Әлемнің 18 елін көк тиын шығындамай аралап, 572 күнін жолда өткізген 21 жастағы азамат Сергей Бондаренко Қазақстанға аман-есен оралды. Ол өзінің соңғы сапарында Оңтүстік Азия елдерін автостоппен саяхаттап келді.
Жас саяхатшы ең алғаш рет 19 жасында жолға шыққан. Күллі әлемді жаяу аралап келу туралы идея қаланың ішінде жаяу жүруден басталды.
«Мен бірде Мега орталықтан үйге дейін жаяу жеттім. Үйім қаланың сыртында. 30 шақырымдай жер жүріппін. Содан мен мүмкін одан да артық жүре алатын болармын деген ой туды. Сосын автостоппен саяхаттауға көштім. Алғашқы сапарымда Ресейдің барлық қалаларын араладым. Сосын ТМД елдерін, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Белоруссия, Украина елдерін араладым. Одан кейін география кеңейе бастады. Әзербайжан, Түркия, Грузия, Молдова, Моңғолия деп кете береді», – деді ол.
Жолда саяхатшы небір хикаяны басынан кешірген. Аш құрсақ келе жатып, ірі көлемде ақша тауып алған. Айдала түнеп жатқанда, ит-құсқа жем бола жаздаған.
Шри-Ланкалықтар бай туристерге үйреніп қалған. Ақшасыз ешқашан ешқандай тірлік жасамайды. Ол өте кедей мемлекет. Мен онда тоя тамақ ішпедім. Көбіне далада түнедім
Биыл саяхатшы Оңтүстік Азия елдерін аралап келді. Алдымен Қытай, сосын Лаос, Камбоджа елдеріне барған. Содан соң Шри-Ланкаға барып тоқтайды. Тропикалық мемлекет жападан жалғыз қалтасында көк тиыны жоқ туристі құшақ жая қарсы ала қоймады.
«Шри-Ланкалықтар бай туристерге үйреніп қалған. Ақшасыз ешқашан ешқандай тірлік жасамайды. Ол өте кедей мемлекет. Мен онда тоя тамақ ішпедім. Көбіне далада түнедім. Визамның мерзімі бітіп кеткен соң 2 айдай сол елде жатып қалдым. Көбіне жаяу жүрдім. Онда автостоп деген түсінік жоқ», – деді ол.
Сергей Шри-Ланкадан Мальдив аралдарына ұшып кетпек болған. Бірақ ақшасы болмаған соң Қазақстанға қайтуға тура келді. Өзінің басындағы жағдайды айтып, Үндістандағы Қазақстан консулдығына хабарласқан екен. Дипломатиялық миссия өкілдері кез келген саяхатшыға билет алып бере алмайтындығын айтқан. Амал жоқ, 21-ші туған күнін Шри-Ланкада өткізеді.
Тілі мен діні бөтен елде саяхатшы тоя тамақ ішпеген.
«7 ай бойы олардың дәстүрлі тағамдары – күрішпен қоректендім. Етті қатты аңсадым. Көкеністері де дәмсіз. ТМД елдерінде тамақпен ешқандай проблема болған жоқ», – деді жасөспірім.
Сондай-ақ, ол қытайлықтармен тек смартфондағы аудармашы қосымша арқылы сөйлескен. Оның айтуынша, Оңтүстік Азияда ең қонақжай ел – Қытай. Саяхатшы 26 күннің барлығында қонақ үйлерде тегін түнеп шыққан.
«Қытайлық азамат маған 200 юань берді. Ол 32 доллар. Визаның құны сол шамалас болатын. Лаосқа жеткен соң шекарада отыратын әйел маған 80 мың лаос валютасына айырбастап берген. Кейін білгенімдей, ол мені алдап соққан. Маған тек 8 доллар ұстатқан екен. Сөйтіп екі елдің арасында қиын жағдайда қалдым. Жолым болғыштығы сондай, шекарада қызмет ететін лаостық азамат Мәскеуде оқыған орыс тілін білетін адам болып шықты. Пху Вьен менің визамды өзі төлеп алып берді», – деді ол.
Анама керегім болмаған соң, осылай дала кезіп өстім
Туған-туыстарын үйінен жыраққа қалайша жалғыз жіберді деген сұраққа: «Анама керегім болмаған соң, осылай дала кезіп өстім», – деді ол.
Сонымен бірге, саяхатшы Қазақстанды әрқашан мақтан тұтатынын жеткізді.
«Менің ақшам жоқ, үйім жоқ, отбасым жоқ. Менде тек Қазақстанның туын көрсетіп жүрсем деген үлкен ынта бар», – деді ол.
Демеуші табылса аз күнде Сергей Африка континентіне аттанбақ. Кения, Танзания, Мозамбик, Замбия, Намибия елдерінен яхтамен Оңтүстік Америкаға жол тартады.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді