Ғалымдар Ватикандағы карта бойынша Қазақ хандығы кезіндегі ландшафты зерттеуде
- author «Ақ жол»
- 18 тамыз, 2015
- 301
Ватикандағы және Еурпаның өзге елдеріндегі карталарды зерттеуге ерекше мән бермекпіз. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған мәлім етті.
«Жақында хабарланғандай, Ватиканда Қазақ хандығының картасы табылған-ды. Қазіргі еліміздің жазығы орманды болып көрсетілген. Бүгінде Бетпақдалада айтарлықтай орманды жер емес, яғни шөлейтті алқап. Атап айтқанда, 550 жылдың ішінде бұл орманды жерлерді адамдар жойып жіберді немесе басқа себептер әсер етті. Бұл жерлер ежелден шөлейтті болды деп нақты айта алмаймыз. Мүмкін шынымен де осы жерлер қазіргіге қарағанда жасыл-желекті болған шығар», - деді ғалым.
Оның пайымынша, сол кездері Сырдарияның көлемі мен арнасы да ауқымды болған.
«Біз тек салыстырмалы талдауды ғана жүргіздік. Яғни, біздегі тарихи мәліметтер бойынша Қазақ хандығы кезіндегі ландшафт пен бүгінгі климаттық жағдайды салыстырдық. Осы зерттеудің қорытындысы қоғамдастыққа жарияланатын болады. Бұл деректерді ғылыми кітаптарда кеңінен көрсетуді көздеп отырмыз»,-деді Б. Аяған.
Оның сөзіне қарағанда, Ватикандағы карта бірнешеу екені белгілі болды. Картаны анықтаған Рафис Авазовтың негізі - Қазақстанның тумасы. Қазіргі кезде ол - америкалық азамат.
«Жақында ол елімізге келеді. Рафис Авазовты жақсы танимын. Атап айтқанда, бұл бағыттағы жұмысты тоқтатпай, жалғастыру керек. Ватиканан карталарды алып, зерттеу оңай емес. Сондықтан осы картаның маңыздылығын ескеріп, оларды зерттеуге барша мүмкіндігімізді салмақпыз. Тек Ватиканды ғана емес, сонымен қатар Еуропаның өзге елдерінде де Қазақстан жайында ежелден зерттелген құнды мәліметтер баршылық. Олар сауда жолдарын және саяси байланыстарды нығайту бағытында еліміз аумағында сол кездері көптеген зерттеулер жасаған. Осы орайда оларда көптеген мәліметтер мен карталар болуы мүмкін», - деді ғалым.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді