«Тalas Іnvestment Сompany» 491 адамды жұмыспен қамтымақ
- author «Ақ жол»
- 18 тамыз, 2015
- 572
Жерінің асты да, үсті де байлыққа тұнып тұрған Талас ауданы 50 мыңнан астам тұрғынның құт-мекені. Аграрлы-индустриялы өлкенің әлеуеті жыл санап артып келеді. Қаратау қаласында орналасқан «Тalas Іnvestment Сompany» ЖШС жылына 15 мың тонна натрий цианидін өндіре алады. 2012-2015 жылдары іске асқан жобаға 12, 9 млрд. теңге қаражат жұмсалды. Зауыт іске қосылған кезде 491 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Серіктестікке «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы бойынша 4,5 млрд. теңге, 2013–2014 жылдары өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 1469 млн. теңге бөлінген. Серіктестік жылына 150 мың дана 50 кг болат барабан және 18, 75 мың дана 400 кг ағаш жәшік шығаруды да жоспарлап отыр. Химия өндірісі үшін таралар шығаратын жобаның құны 250 млн. теңгені құрайды. Тұрақты жұмыспен 40 адам қамтылмақ. Сондай-ақ кәсіпорын техникалық суды биологиялық тазалаудан өткізумен де айналыспақ. Бұл үшін 500 млн. теңге жұмсалмақ. Жоба сағатына 14 тонна суды тазартуға қауатты. Мұнда 24 адам еңбек ететін болады.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




