Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, XXХІХ-сессиясы 2015 жылдың 21 тамызында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
1. Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
2. «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
3. Шу қаласын 2016-2020 жылдары дамытудың кешенді жоспарын бекіту туралы.
4. «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №17-8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
5. «Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, экология, табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясын құру және оның төрағасын сайлау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 20 қаңтардағы №1-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. «Жеке және заңды тұлғаларға адам мен жануарлардың денсаулығына ерекше қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу бойынша арнайы комиссия құру туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы №25-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7. «Азық-түлік» тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалану қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылдың 12 қарашасындағы №8-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8. «Жамбыл облысында ұн, нан және мал шаруашылығына кебек өндіретін кәсіпорындарды анықтау бойынша үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылдың 27 наурызындағы №22-44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
9. «Мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылдың 26 наурызындағы №35-17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
* * *
Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2015 жылдың 21 тамызында сағат 10.00-де өтеді.
* * *
Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың 21 тамыз күні сағат 09.30-да басталады.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақов.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Қазақстан - Қытай: екіжақты сауда көлемі 30 млрд долларға жетті
- 16 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді