Селден зардап шеккен алматылықтар биліктен әлі көмек күтіп жүр
- author «Ақ жол»
- 18 тамыз, 2015
- 206
Алматылықтар сел зардаптарымен әлі алысып жатыр. Апат болғаннан кейінгі 4 күннен соң, 20 күнде бәрін ретке келтіреміз деген қала атқамінерлерінің уәдесі орындалған жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.
Лай ағынынан қатты зардап шеккен Наурызбай ауданында ауыр жүк көліктері жиналып қалған балшықты тазалап үлгермей жатыр. Ал өзен аңғарын жағалай орналасқан тұрғындар әлі де өз қамдарын өздері күйттеп жүр.
Қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин осыдан нақ 20 күн бұрын барлығын тазартып, бітіреміз деп уәде еткен. Ал жалпы лай көшкіні өткен айдың 22-сінен 23-іне қараған түні болғанын ескерсек, арада айға жуық уақыт өтіпті. Бірақ халық жергілікті биліктен әлі де көмек күтіп жүр.
“Ванна, кәріз жүйесі істемейді. Білмеймін, қандай көмек көрсететіндерін. Бір көмек берсін деп отырмын. Әкімге бардым, әкімге барғанда маған айтқаны, “рахмет айт, тәубе деп айт. Төбеңде төбең қалып, өзіңнің аман қалғаныңа” деп шығарып салды”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Дина Баймаханова.
Дина апай қазір өз ауласын шамасының жеткенінше өзі тазалап жүр. Әйтеуір, ауласына толып кеткен лайды арнайы қызметтердің шығарып бергеніне риза. Сонда да жағдай мәз емес. Үйінің бір бұрышы опырылып құлайын деп тұр. Аулада болған сарайдың орны қазір тып-типыл. Моншасы да жуынуға жарамай қалған.
Ал сол аудандағы мектеп ауласында қара жұмыс қызып жатыр. Ауыр жүк көліктері сәт сайын тонна-тонна балшық арқалап, сыртқа қарай ағылуда. Қарапайым жұмысшылардан бөлек, ол жерде күштік құрылымдар да жұмылдырылған. Бәрі жабылып, 25 күннен бері бір мектептің айналасын тазартып үлгере алар емес.
Талай жұртты әбігерге салған Қарғалы өзені қазір сабасына түскен қалпы ағып жатыр. Дегенмен, оны жағалай орналасқан жұрттың да жағдайы оңалып қалғаны шамалы. Жергілікті тұрғындар өз беттерінше тіршілік қамын күйттеуге көшкен.
Ал шенеуніктер табиғат апатынан құтылудың жаңа бір жолын тауыпты. Енді Алматы облысының сел қаупі бар аймақтарында әр айда бір рет ескерту дабылы қосылып отыратын болады.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді