Алматыда 29 тамызда 28 панфиловшылар саябағында тұңғыш рет қалалық қарбыз фестивалі өтеді. Қала күні аясында ұйымдастырылатын бұл шара жаз мезгілінің аяқталып, күздің басталғанын білдіреді, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасынан.
Фестиваль екі негізгі аймаққа: шоу-алаңқайға, яғни сахнаға және белсенділік алаңқайына бөлінеді. Мұнда көрмелер, шеберлік сыныптары өтеді. Қоғамдық тамақтандыру пункттері де осында орналасады.
Фестиваль бағдарламасы бойынша байқаулар, концерт, экология тақырыбы бойынша шағын спектакль, йога-бидің таныстырылымы және биден флешмоб ұйымдастырылады. Айта кетелік, балалар үшін өз алдына бөлек мерекелік бағдарлама әзірленген. Фестиваль қонақтары әр түрлі аймақтарда ерекше арт-нысандар аясында фотосуретке түсе алады және карвинг (көкөністер мен жеміс-жидектерді тілгілеп, әр түрлі өрнектер жасау өнері) бойынша мамандардың көрмесін тамашалап, олардың шеберлік сыныптарына қатыса алады.
Фестиваль барысында қарбыз саудасы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді