Қазақстандық теннисші қыз Зарина Дияс WTA жаңартылған рейтингінде өз көрсеткішін жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Зарина Дияс 1385 ұпаймен 34 орыннан 33-ке көтерілді. Отандасымыз Юлия Путинцева да 78-ші орыннан 77-ге жоғарылады. Қазақстандық тағы бір теннисші қыз Ярослава Шведова екі сатыға жоғарылап, 106-шы орынға жайғасты.
Айта кетейік, WTA рейтингінде америкалық теннисші қыз Серена Уильямс (11821 ұпай) бұрынғыша көш бастап тұр. Екінші орында ресейлік Мария Шарапова (6036), үштікте Симона Халеп бар (5546).
ATP жаңартылған рейтингінде ұлыбританиялық Энди Маррей үшінші орыннан екіншіге көтерілді, ол швейцариялық Роджер Федерердің алдына шықты. Рейтингте сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр. Толығырақ: http://kaz.tengrinews.kz/tennis/zarina-diyas-WTA-reytingnde-koterld-264218/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
Ұқсас жаңалықтар
Жедел ішек инфекцияларының алдын алу аса маңызды
- 2 тамыз, 2025
МӘМС: Келесі жылдан бастап не өзгереді?
- 2 тамыз, 2025
Ақпарат
Бас жүлдені 8 команда сарапқа салды
- 7 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді