Шаруашылыққа Майлыбай каналы арқылы Аспара өзенінен су алатын Меркі ауданында 15 су бекеті қайта қалпына келтіріліп, заманауи есептегіш құралдар орнатылды. Жобаны іске асырған - «Кока-Кола» компаниясы, Орталық Азияның аймақтық экология орталығы және БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасы.
Бұл ағын су көлемін нақты анықтап, ресурстарды тиімді басқаруға, судың күнделікті қайда және қанша кетіп жатқанын анықтауға мүмкіндік береді.
Су бөлу мәселесінде көптеген қиындықтарға кезігетін меркілік шаруалар бұған ерекше қуанышты.
Жоба авторы Виталий Шабловскийдің айтуынша, автоматты жүретін жұмыс арқасында құрылғылар су деңгейін өлшеп, шығынын есептейді, сақталған мәліметтер кеңсеге жөнелтіледі.
Бұл Жамбыл облысында «Суды тиімді пайдалану жүйесін енгізу» жобасы сәтті іске асырылып жатқанының бір көрінісі. Алдағы уақытта осындай жүйені өзге аймақтарда пайдалану мәселесі қарастырылмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




