Кез-келген мемлекет жарқын болашағын жастармен байланыстырады. Сол үшін өскелең ұрпақтың білім алуына жағдай жасайды, денінің саулығына, тәрбиесіне баса мән береді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 5 халықтық реформасының бүгінгі жас буын өкілдері үшін маңызы ерекше. Ол елімізді әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына әрі Елбасы атап өткендей, бүгінгі күннің ғаламдық 5 жаңа сын-қатерінен Қазақстанның сүрінбей өтуіне жағдай туғызатындығымен, «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыруға бағытталуымен құнды. Ұлт жоспарының ең басты ерекшелігі – ұлт пен ұлыстарды ұйыстыратын, өткір де ұтқыр идеяға құрылуында. Саяси сарапшылар Қазақстанның аз уақыттағы жетістіктерін елдегі тұрақтылық, ұлтаралық достық пен толеранттылық пен байланыстырады. Рас, қазақ елі достық пен бейбітшіліктің арқасында күн санап көркейіп, дамып келеді. Елбасының 100 нақты тапсырмасы – еліміздің өсіп-өркендеуін тездеткіш катализатор іспетті. Осындай ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламалары арқылы әлемнің ірі алпауыт елдері үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Бұл - экономикалық өсудегі өзгермес қағидат. Бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның әрқайсысы елдің мүддесін көздейді. Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деген бөлімдерінде мемлекет дамуындағы нақты бағыттар анық белгіленген. Әрбір қадамдағы нақты тапсырмалар жастарға тың серпілістер беріп, жаңа мүмкіндіктер туғызады. Ұлт жоспарын өңір жастары арасында түсіндіру және насихаттау мақсатында өткен түрлі шараларда жастардың белсенділік танытуы – осыған дәлел. Парламентте 2004 жылы қабылданған мемлекеттік «Жастар саясаты туралы» Заң биыл жан-жақты қаралып, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Мұны жастар өміріндегі аса маңызды оқиға деп түсінгеніміз жөн. Бұл өз кезегінде әрбір жасты мемлекеттің өсіп-өркендеуі жолында бұрынғыдан да белсенді әрі нәтижелі еңбек етуге итермелейді. Мемлекет – жастарға қамқорлық көрсетуде, ендеше, жастарымыз ел үшін аянып қалмауы тиіс. Облыс халқының 25 пайыздан астамын жастар құрайды. Жамбылдық жастар Ұлт жоспары аясында атқарылатын игі шараларға белсене қатысып, жастық жігері мен ұтымды ойларын ортақ іске жұмылдыратынына сенім мол. Ол үшін жастардың бойына азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық және білімпаздық құндылықтарын қалыптастыруымыз керек.
Еркебұлан Құралбаев, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді